Адамгершілік тәрбие-мәңгілік

«Рухани жаңғыру-ұлт болашағы»  Елбасымыздың осы бір жолдауы аясында елімізде әр түрлі жұмыстар өз бастауын алып, жоспарлы түрде  жүзеге асырылуда. Елбасы: «тәрбие көзі- балабақша іргесінде қаланады» деп айтқандай,  рухани -адамгершілікпен қатар патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында балабақшамызда «Тұңғыш Елбасы күні және  тәуелсіздік мерекесі» қарсаңына орай  6 желтоқсан күні  мектепке дейінгі ұйымдардың қатысуымен  «Адамгершілік тәрбие-мәңгілік» атты кластер семинары өтті.

Тақырыбы: Адамгершілік тәрбие-мәңгілік

Мақсаты: «Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті,екінші – руханиятты,үшіншісі – табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары.Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес,бүкіл әлемнің болашағы  байлаулы» деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі,адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы,әлемдегі кез-келген  халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге,білімге,адамгершілікке үндейді,болашақ ұрпақтың өң бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің,адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым,әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан-ақ тәрбиенің  адам өміріндегі  маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше  тәрбие береді,адамгершілікке үндейді.

Кластер барысында   №6«Көктем»  балабақшасы,  №13«Тұлпар»  балабақшасы, №71 «Мөлдір» балабақшасының қызметкерлері келіп, баяндама оқылып, өз  тәжірибелерімен бөлісті.  Кластер-семинар бағдарламаға сай жасалды. Балалардың  тікелей қатысымен ұйымдастырылған оқу қызметі,  дайындаған музыкалық әуендері мен мың бұралған билері халықты тамсандырды. Балабақша психологы А.А. Дарикулова  қызметкерлердің арасында «Адам деген ардақты ат» атты тренингін ұйымдастырды,  сонымен қатар үш тілде қазақ тілі маманы Ж.М.Кемелова, Орыс тілінің мұғалімі Д.Ж.Успанова, Ағылшын тілінің мұғалімі Е.В.Зафирис балалардың  қызығушылықтарын туғыза отырып, белсенді қатыстыра  алды.

Келген қатысушылардың көңіл күйлерін, алған әсерлерін пікір алмасумен аяқтап қорытынды жасалды.Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиесі мол іс –шаралар өткізілсе деген пікірлер болды.

Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Ол ешқашан ескірмес емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік -әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Көрнекі педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетелеген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.