Фотогалерея

«Бала шабыты»

Нұр-Сұлтан қаласы  №2 «Батыр»  балабақшасында мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік тілде  ересек тобының  «Ақ көгершін» тобында 12 баланың қатысумен «Бала шабыты» сайыс жобасына қатысып I  дәрежелі орынға ие болды.Балалардың өнерін, мың бұралған биімен тамсандырған әділ- қазы алқалары бір шешімге келіп  I  дәрежелі лауреат ұсынды.  Жетекшілері  топ тәрбиешісі Есентаева Шанар Жалгасбаевна, ән-күй жетекшісі Назаркулова Нурбакыт Талгатовна қатысып дипломдарға ие болды.

«Ақ көгершін»

№2 «Батыр» балабақшасында балалардың жетістіктері наурыз айында көп жаңалықтармен бөлісіп, отырмыз «Ақ көгершін» халықаралық сайысқа қатысып, ересек мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері қатысып жүлделі орындар алды жетекшілік еткен тіл мамандар мен тәрбиешілері де өз үлестерін қосып, дипломдар алды.

Қазақ тілінің мұғалімі Кемелова Жаңыл Мукатовна

Орыс тілінің мұғалімі Успанова Днар Жумакановна

Ересек тобының тәрбиешісі Джукенова Найма Какимовна  

«Үздік маман» атты  дипломдарға ие болды.

Бүлдіршіндеріміз ересек тобының I дәрежелі дипломға ие болды, Тұрсынбай Батыркерей  сай ыстың  «Сән үлгісі» атты сайысқа қатысты.

Жетекшісі Джукенова.Н.К.

 

Мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері

Сайыстың I I дәрежелі лаурает дипломына  ие болған  Шарапиден Мизам

I I дәрежелі дипломға ие болған, Смайлова Сати 

 I дәрежелідипломға ие болған,  Седенов Альжаншах

Жетекшілері Ж.М.Кемелова, Д.Ж.Успанова, Т.В.Матюх жетекшілік етті.

«Қош келдің төрлет –Наурызым!»

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем оянды.

Наурыз тойы берекек,

Тіршілік жаңа оянды.

Наурыз мерекесі қазақ халқының тойланып, келе жатқан жаңа жылы,жыл басы. Көктемнің алғашқы күндерінде қыстан аман есен шығып,сүрленген етімен қазанымыз толы болсын, ақ мол болсын деген ниетпен наурыз көже жасалған.Мектепке дейінгі №2 «Батыр» балабақшасында Наурыз тойы тойланып балалармен қызықты «Қош келдің төрлет –Наурызым!» атты  ертеңгіліктер өткізілді. Екінші кіші сәбилерден бастап,мектепалды даярлық топтарында қатысты.Балабақшада 12 топ жұмыс жасайды, қазақ топтары мен орыс топтары бірігіп наурыздың қалай тойланатын салт дәстүрді, қазақтың ойындары , тағамдарын жайлы айтып түсіндіріп өтті. Ұлттық ойындарды қызыға ойнап ән тақпақ жыр шумақтарды арнадық. Аптаның жұма күні қорытынды есебінде қызметкерлердің арасында ауыл - ауылға бөлініп, аталмай бара жатқан салт-дәстүрді айтып түсіндіріп өтті. Наурыз мерекесі қызықты әрі тәрбие жағынан көп үлгі өнеге алуға болады.

Наурыз мерекесі көктемнің алғашқы айларында көктің көгеріп, төлдеріміз төлдеп аққа ағылып, жылдың басы ақтың мол болсын дастарханымыз тек ағарғанға толы болсын ниетпен аталарымыздан  бата  алған халықпыз.

«Аяулы ана, ару бүлдіршін"

Астана қаласы   №2 «Батыр»  балабақшасында  көктемгі алғашқы айларында көктем мерекесі, аналар мерекесі тойланды. Көктем келді, құс келді бақтарымызда сайрап тұрды бұлбұлдарымыз демекші....

Батыр балабақшасында арнайы аналар, әжелеріміздің қыздарымыздың мерекелеріне орай ертеңгіліктер өтті. Балабақшада 12- топта ертеңгіліктер атап өтті. Әр топтың ертеңгілігі жас ерешілігіне қарай, өтті. Кіші топтарда қызықты көрініс арқылы  көктемді  күтіп,көктем мезгелінде мерекелерді ерекше тойланатын білсе, көбелектер мен қоңыздардың биімен ерекшіленді, аналармен бірге ойын өтті.Ортаңғы топтарда балалардың қатысумен ерекше ойындар мен кейіпкерлерді таңып,атап беріп отырды.Ересек топтарында кейіпкелердің рөлін сомдап,қызықты сәттерін бөлісті. Мектепалды даярлық топтары аналарымызды,қыздарымызды, ерекше құрметтеп әндерімен билерімен қарсы алды.

«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы ерекше «Аяулы ана, ару бүлдіршін атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты аналармен қыздардың тәрбиесіне аса мән беру қызының өнерін бағалау, берілген сұрақтар салт-дәстүрге байланысты болса, мың бұралған биімен тамсандырды , қол өнерімен алға шығып отырды аналарымыз.Өнерлі екенін жан-жақты екенін көрсетті.

«Ана» деген сөзді ұғындыру кішкентай бөбектерімізге жеткізу әрине оңай емес үш әріптен тұратын сөзді ұлы тұлға екенін мерекелік ертеңгілікпен көрсету мектепке дейінгі ұйымның міндеті. «Ана» сөзін құлағына сіңіріп,бойына сусындатып өсіру ол әрине ұстаздың еңбегінде.

Ақындарымыздың жыр шумақтарында ана сөзі тербеліп кеудесінде сайрап тұрар....

Әдістемелік күн

«Терең білім- тәуелсіздігіміздің тірегі,

ақыл-ой- азаматтығымыздың алдаспаны»

Н.Ә.Назарбаева

 

№ 2 «Батыр» балабақшасы МКҚК мектепке дейінгі білім беру саласында әрбір тәрбиешілерді мамандарды деңгейін өсіру мақсатында, балабақша басшылығы өз міндетіне алып отырады. Батыр балабақшасында жыл сайын тәрбиешілер мен мамандардың өсу тәртібін қадағалап, деңгейіне қарай, санаттар беріледі.

Әдістемелік күні

«Терең білім- тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой- азаматтығымыздың алдаспаны»

Н.Ә.Назарбаев

 

Астана қаласы  № 2 «Батыр»  балабақшасында  21 ақпан айында  ерекше  күн  аталып  өтті,  тапқыр,өз ісіне ұқыпты жан-жақты мұғалім  логопед  Тлеубаева Мадина Курмангалиевнаның  әдістемелік күні өтті. Мұғалімнің сабағы өте жақсы өтілді, жоспарға сай қазіргі заманға сәйкес техниканы қолданды, логопеддік жұмыстың нәтижесін көрсете білді. Баламен жұмыс жасау да, балалардың дұрыс сөйлеуін, ойын арқылы қызықтыра алды.  Келген комиссия мүшелері сабақты талдап,ұсыныс пікірлерді айтты. Сабағын қорыта келе сабақтың мақсатына жетті, өз тақырыбын қорғай алды.

Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

2019 жылғы 11-22 ақпан аралығында өтетін «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты   онкүндіктің іс-шаралар  жоспары

№2 «Батыр» балабақшасында өзін-өзі тану пәнінен апталығы  мектепалды даярлық топтары мен ересек топтардың арасында өтті.

Сара Алпысқызының құрметіне атап онкүндікке жоспарын жасап, тәрбиешілер мен тіл мамандары мен  жұмыс жасалды. Жоспарға сай жұмыс жасалып, балалардың шығармашылық жұмыстарын көрсете отырып, «Өзін-өзі тану»  пәні сүйіспеншілікті,бір-біріне деген қамқорлықты , дос болуды,  жақсылық  жасауды,  адамдардың арасында сыйластық болу екенін үйрету  түсіндіру.

  1. Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне безендіру көрме ұйымдастыру  
  2. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты   онкүндіктің салтанатты түрде ашылуы
  3. Балалардың шығармашылық жұмыстары ( суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар. (ана, әлем, достық, мейірім туралы фота коллаж)
  4. Әдеби-музыкалық композициялар
  5. Дебаты среди родителей о нравственности, милосердие  эстафета
  6. Открытые уроки по самопознанию на тему «Мейірімділік –асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Доброта-солнце, согревающее сердце человека», «Қызығы толы әлем», «Утро радостных встреч» и др
  7. «Жылы жүрек» акциясын ұйымдастыру
  8. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндіктің жабылуы, қорытыңдылау, фота есептерімен танысып, марапаттау

«Елін сүйген елбасы»

1-желтоқсан  президент күніне орай «Елін сүйген елбасы» атты ертеңгілік 16-желтоқсан тәуелсіздік  күніне орай  «Желтоқсан желі ызғарлы» атты  ертеңгілік

№2 «Батыр» балабақшасында   1-желтоқсан күніне орай  «Елін сүйген елбасы» 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған мерекелік 

іс- шаралар өтті. Атап өтетін болсақ ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарының арасында өткен іс-шаралар ата-аналардың қатысумен өтті. Екінші кіші сәбилер тобы ұйымдастырылған сабақ құрылып, көрме ұйымдастырды

Адамгершілік тәрбие-мәңгілік

«Рухани жаңғыру-ұлт болашағы»  Елбасымыздың осы бір жолдауы аясында елімізде әр түрлі жұмыстар өз бастауын алып, жоспарлы түрде  жүзеге асырылуда. Елбасы: «тәрбие көзі- балабақша іргесінде қаланады» деп айтқандай,  рухани -адамгершілікпен қатар патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында балабақшамызда «Тұңғыш Елбасы күні және  тәуелсіздік мерекесі» қарсаңына орай  6 желтоқсан күні  мектепке дейінгі ұйымдардың қатысуымен  «Адамгершілік тәрбие-мәңгілік» атты кластер семинары өтті.

Тақырыбы: Адамгершілік тәрбие-мәңгілік

Креативное мышление

Беттер

Subscribe to RSS - Фотогалерея