«Аяулы ана, ару бүлдіршін"

Астана қаласы   №2 «Батыр»  балабақшасында  көктемгі алғашқы айларында көктем мерекесі, аналар мерекесі тойланды. Көктем келді, құс келді бақтарымызда сайрап тұрды бұлбұлдарымыз демекші....

Батыр балабақшасында арнайы аналар, әжелеріміздің қыздарымыздың мерекелеріне орай ертеңгіліктер өтті. Балабақшада 12- топта ертеңгіліктер атап өтті. Әр топтың ертеңгілігі жас ерешілігіне қарай, өтті. Кіші топтарда қызықты көрініс арқылы  көктемді  күтіп,көктем мезгелінде мерекелерді ерекше тойланатын білсе, көбелектер мен қоңыздардың биімен ерекшіленді, аналармен бірге ойын өтті.Ортаңғы топтарда балалардың қатысумен ерекше ойындар мен кейіпкерлерді таңып,атап беріп отырды.Ересек топтарында кейіпкелердің рөлін сомдап,қызықты сәттерін бөлісті. Мектепалды даярлық топтары аналарымызды,қыздарымызды, ерекше құрметтеп әндерімен билерімен қарсы алды.

«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы ерекше «Аяулы ана, ару бүлдіршін атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты аналармен қыздардың тәрбиесіне аса мән беру қызының өнерін бағалау, берілген сұрақтар салт-дәстүрге байланысты болса, мың бұралған биімен тамсандырды , қол өнерімен алға шығып отырды аналарымыз.Өнерлі екенін жан-жақты екенін көрсетті.

«Ана» деген сөзді ұғындыру кішкентай бөбектерімізге жеткізу әрине оңай емес үш әріптен тұратын сөзді ұлы тұлға екенін мерекелік ертеңгілікпен көрсету мектепке дейінгі ұйымның міндеті. «Ана» сөзін құлағына сіңіріп,бойына сусындатып өсіру ол әрине ұстаздың еңбегінде.

Ақындарымыздың жыр шумақтарында ана сөзі тербеліп кеудесінде сайрап тұрар....

Фариза Оңғарсынова

Кеудеңде мені тербеттің.

Жас шыбық енді көктеді,

Менеки мен де ер жеттім.

Еңбегің бекер кетпеді,

Өмірде мынау ең жақын.

Аяулым сенсің анашым!

Ақындарымыздың ән жыр шумақтарын еске ала отырып,аналарды құрметтеу,әрине ол өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыз оны үйрету біздің парызымыз аналарымыз ешқашан жыламасын, балаларымыз аналардың аялы алақанда өссін.