«Елін сүйген елбасы»

1-желтоқсан  президент күніне орай «Елін сүйген елбасы» атты ертеңгілік 16-желтоқсан тәуелсіздік  күніне орай  «Желтоқсан желі ызғарлы» атты  ертеңгілік

№2 «Батыр» балабақшасында   1-желтоқсан күніне орай  «Елін сүйген елбасы» 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған мерекелік 

іс- шаралар өтті. Атап өтетін болсақ ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарының арасында өткен іс-шаралар ата-аналардың қатысумен өтті. Екінші кіші сәбилер тобы ұйымдастырылған сабақ құрылып, көрме ұйымдастырды

«Елін сүйген елбасы» мерекелік іс-шараға орыс қазақ топтары белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. Ортаңғы топ пен ересек топтарының тәрбиешілері жауапты Г.Қ.Темиртанова,Г.А.Бейсенова мерекелік іс шараларға белсене қатысып, Ш.Ж.Есентаева, Н.К.Джукенова, Н.Т.Мадынская ән-күй жетекшісі Н.Т.Назарқұлова  ересек топтарының мерекелік іс-шаралары  жоспар құрылып,баланың жасына сай өткізілді.Ең алғашында ертеңгілікті әнұранмен бастады, елбасымызға арналған тақпақ әндер айтылды.Ұлттық нақышта киімдерімен сахнаға ортаға шығып өнерлерімен  тамаша ойындарымен билері мен өнерін көрсетті. Елбасымыздың балалық шағынан осы күнге жеткен жетістіктерін бейнелі таспамен көрсетіп елбасымыз жасай берсін деген ниетпен мерекемізді аяқтадық.

 Мектепалды даярлық топтары 16-желтоқсан «Желтоқсан желі ызғарлы» атты мерекелік іс-шараларға белсене қатысты.

Желтоқсан құрбандарын еске алып, балалардың жүрегіне отандық сүйіспеншілікті  «Тәуелсіздіктің таңы» атты көрініс  арқылы жеткізіп, қайраттай ағаларын батыр апаларын бейнелі таспамен көрсетті. Балабақшада мерекелік іс-шаралар  мектепалды даярлықтың балалары түсініп,белсене қатысып  отырды.  Ертеңгілікте тамаша әндерін, мың бұралған биімен тамсандырған ұл-қыздарымыз биімен билесе , «Шаңырақ» ойыны мен өнер көрсетті. Ата-аналар өнерлерін көріп, топтағы тәрбиешілерге, балабақша әкімшілікке алғысын білдірді.  Қазақ топтары мен орыс топтарына ертеңгілік кесте құрылып,жастарына сай өткізілді. Мерекелік желтоқсан оқиғасын толық еске алып әсерлі жеткізе білді.